Боранбаева Айман Жұбатқанқызы, 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті шығыстану факультетінің иран бөлімін үздік дипломмен бітіріп, «шығыстанушы-филолог, парсы тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы» квалификациясын алып шықты. 2015 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті шығыстану факультетінде «шығыстану» мамандығы бойынша «гуманитарлық ғылымдар магистрі» дәрежесін алды. 1994 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде парсы тілінің оқытушысы ретінде қызмет етіп келеді. 2020-2022 жж. шығыстану факультеті әдістемелік кеңесінің төрайымы. 2022 жылдан бері Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы ирантану бөлімінің меңгерушісі. Білім беру бағдарламаларын құрастыруға қатысады. Ол 25-тен аса ғылыми, әдістемелік мақалалар жариялаған. «Түркі әлемі және Шығыс: тілдік-мәдени байланыстар» атты ғылыми жобаға қатысып, осы жоба аясында «Түркі әлемі және Шығыс: мәдени-тілдік байланыстар» атты ұжымдық монография, «Араб, парсы және хинди тілдеріндегі түркизмдер сөздігі» атты ұжымдық сөздіктерді шығаруға ат салысты. А.Ж. Боранбаева үнемі білім жетілдіру курстарынан өтіп тұрады. 1992-1993 жж. Тегеран университетінде (Иран), 1999 ж. Тарбиат-э модаррес (Иран) университетінде, 2004 ж. Иран Мәдени өкілдігінде (Алматы қаласы) тіл жетілдіру курстарынан, 2012, 2015 жылдары (Тегеран қаласы) ғылыми тәжірибеден, 2018 жылы «Өрлеу» акционерлік қоғамының республикалық білім жетілдіру курсы, 2019 халықаралық Саади қоры ұйымдастырған парсы тілі курсынан өткен.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
1994
Қызығушылығы

3

Боранбаева Айман Жубаткановна

Ирандықтардың этно-мәдени дәстүрлері. 2012 - г. 4 - стр. 0
4

Боранбаева Айман Жубаткановна

Историческая роль персидского языка в распространении ислама и исламской культуры в Казахстане. 2012 - г. 8 - стр. 0
5

Боранбаева Айман Жубаткановна

Жиекбаева А.Б. Қазақ тіліндегі парсылық діни терминдер 2014 - г. 5 - стр. 0
6

Боранбаева Айман Жубаткановна

Қазіргі парсы тіліндегі кең қолданыстағы түркі кірме сөздері 2013 - г. 7 - стр. 0
7

Боранбаева Айман Жубаткановна

Парсы тілінің Қазақстанда ислам діні мен мәдениетінің таралуындағы тарихи рөлі. 2013 - г. 5 - стр. 0
8

Боранбаева Айман Жубаткановна

Мағынасы өзгермеген түркі кірме сөздері (парсы тілінің мысалында) 2015 - г. 5 - стр. 0
9

Боранбаева Айман Жубаткановна

Мағынасы өзгерген түркі кірме сөздері (парсы тілінің мысалында). 2016 - г. 5 - стр. 0
10

Боранбаева Айман Жубаткановна

Иранның түркі династиялары 2014 - г. 6 - стр. 0
11

Боранбаева Айман Жубаткановна

Парсы тілі – Иранның қуатты құралы. Хабаршы. Шығыстану сериясы 2017 - г. 6 - стр. 0
Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0